Алматыда автобуста ер адам пышақ ұстап, жолаушыларды қорқытқан. Патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындаудан да бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Жетісу аудандық полиция басқармасына маршруттық автобуста жанжал шығарған ер адам туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері агрессивті әрекет көрсеткен ер адамға тап болған.
Ұсталған адам 38 жастағы Нұржан Майлыбаев болып шықты. Полиция қызметкерлері оған екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
"Сотта қарау нәтижесінде оған 12 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп мәлімдеді полиция.