Автобуспен жолаушыларды тасымалдаудан 74,2 млрд теңге кіріс түскен

1039

Тасымалдау көлемінің қысқаруына қарамастан компаниялардың табысы 24%-ға өскен.  

Автобуспен жолаушыларды тасымалдаудан 74,2 млрд теңге кіріс түскен

2021 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда автомобиль және қалалық электр көлігімен 6,6 млрд жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,1%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы 8 млрд адам тасымалданған. 

Алматыда ең көп жолаушы тасымалданды (1,8 млрд адам немесе елдегі жолаушылардың 27,8%-ы). Үздік үштікке Қостанай және Павлодар облыстары енді. Маңғыстау облысында ең аз жолаушы тасымалданған.

2021 жылғы 11 айда Қазақстандағы барлық жолаушы тасымалының үштен екісі автобустың үлесінде (4,4 млрд адам), 2020 жылмен салыстырғанда 21,1%-ға аз. Қазақстандықтар такси қызметін де жиі пайдаланады (2,2 млрд адам, бір жылда минус 8,5%).

Трамвайлармен 25,5 млн адам, троллейбустармен 24,8 млн адам тасымалданды. 3 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз. Жүк айналымы 2%-ға немесе 141,8 млрд ткм-ге дейін қысқарған.

2021 жылғы қаңтар-қарашада кәсіпорындардың кірісі бір жылда 23,9%-ға немесе 275,1 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен кіріс 190,7 млрд теңге, жолаушылар тасымалдаудан түскен кіріс 84,4 млрд теңге болды.

Автобуспен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 74,2 млрд теңге, такси қызметінен түскен кіріс 3,9 млрд теңге, трамваймен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 1,6 млрд теңге, троллейбустан 1,5 млрд теңге кіріс түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу