Бұл мәселеге қатысты Үкімет мүшелері пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жалпы алғанда, бұған экономикалық алғышарттар болуы мүмкін. Мәселен, бензин бағасының қымбаттауы. Бірақ тарифті көтеру туралы шешімді әр компания жеке өзі қабылдайды. Бұл ұсыныс пен сұранысқа қатысты мәселе", – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жолақының 500 теңгеге дейін көтерілуі туралы ойды бір сарапшы ғана айтқан.
"Әрине, қоғамдық көлік халыққа арналған және жолақының күрт қымбаттауына жол берілмейді. Қоғамдық көліктегі жолақы бағасы өсе бастаса, бұл бағытта мемлекет қолдау көрсетеді", – деді ол.