Автобуста төлемнің электронды жүйесі қосылғалы кірістің 30 пайызы көлеңкеден шықты- Астана LRT

1254

Автобуста төлемнің электронды жүйесі қосылғалы кірістің 30 пайызы көлеңкеден шықты- Астана LRT

Елорданың қоғамдық көлік жүргізушілерінің қара тізімінде жолаушылар тарапынан түрлі себептермен енген 441 адам бар. "Астана LRT" ЖШС жыл соңына дейін жүргізушілер "жөнге келетінін" айтып отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Тәртіпсіз қызметкерлердің тізімі 2014 жылдан бастап Астананың көлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы құрылған кезден бастап бар. 

"Астанада 441 автобустың жүргізушісі қара тізімге енді. Жылдың ішінде біз барлық жүргізушілерді тәртіпке шақырамыз деп ойлаймын", - деді "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов. 

Бұған қоса, ол жол ақысын төлеудің электронды жүйесі іске қосылған уақыттан бері кірістің 30% көлеңкеден шығару мүмкін болғанын атап өтті. 

"Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі бізге не берді? Ол бұған дейін жүргізушілер мен кондукторлар қалтасына басып келген қаржының 30 пайызын көлеңкеден шығаруға мүмкіндік берді. Біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастыратын боламыз", - деді Бейбіт Есжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу