Автобуста жолақы төлемеген жолаушыға айыппұл салынады

1028

Автобуста жолақы төлемеген жолаушыға айыппұл салынады

Астанада қалалық көлікті бақылау қызметінің жұмысы күшейтілді. Бұл шара тасымалдаушылар және автокөлік тасымалымен айналысатын басқа да субъектілер көрсететін қызмет сапасын бақылауға, көлік саласында наразылық-шағым қызметін жүргізуге бағытталған.

Көлік бақылау қызметкерінің міндетіне тасымалдаушыны күнделікті автобус паркінен сенімхат алған сәттен бастап тексеру, билетсіз жолаушыны анықтау, жолаушыдан кондукторға жолақы немесе қол жүгі үшін төлем жасауды талап етуге дейін кіреді.

Сонымен бірге билетсіз жолаушыны анықтау үшін қызметкер автобусқа мініп, қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзу дерегін анықтау үшін тексеру жүргізеді.

Осы ретте ҚР ӘҚБК сәйкес, жолақы төлемеген жолаушыға екі АЕК (4538) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осы норма бойынша айыппұл салу – ҚР ӘҚБК 685-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі істер органдарының құзырына жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу