Автобустарда қайырымдылық үшін ақша жинайтындар шықты

180

Құзырлы орган бұл мәселені зерттейтінін айтты. 

Автобустарда қайырымдылық үшін ақша жинайтындар шықты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер ведомство өкілінен "Алматы мен Астанадағы автобустарда қайырымдылық мақсатында ақша жинайтын жасөпірімдерді көруге болады. Олардың қызметін заңды не заңсыз деп айта алмаймыз, себебі олардың қызметі реттелмеген. Жасөспірімдерді автобустарда жүріп, қаражат жинауға міндеттейтін жұмыс берушілерді жазаға тартуға бола ма?" деп сұрады.

"Бұл мәселе бойынша қазір пікір білдіруге дайын емеспін. Себебі тақырыпты зерттеу қажет. Олар адамдардан талап етіп жатқан жоқ қой, ақша берсеңіз де, бермесеңіз де өз еркіңіз. Алаяқтар болуы мүмкін дегенге келсек, онда бұл біздің құзыретімізге кіреді. Бұл мәселені зерделеп көрейік. Бұл жасөспірімдердің кім екені, олардың артында кім тұрғанын анықтау үшін тиісті департамент басшыларына тапсырма беремін", - деді Игорь Лепеха.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу