Автобустың адамды сүйреуіне байланысты қызметтік тергеу басталды

1079

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.  

Автобустың адамды сүйреуіне байланысты қызметтік тергеу басталды

Елордада адамды сүйреп кеткен №70 автобустың жүргізушісіне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"15 қараша күні сағат 19.30-да қозғалып кеткен №70 автобустың ашық есігінен бақылаушы сыртқа жығыла құлады. Оның аяғы есікке қыстырылып, автобус адамды бірнеше метрге дейін сүйреді. Осыдан кейін жігіттің аяғы босағаннан кейін ғана жүргізуші қозғалысты тоқтатты. Жігіт қайта дөңгелектің астында түсіп кетпей, аман қалды. Елорданың қоғамдық көлігі туралы басқа не деуге болады. Анау жігіттің орнына кез келген адам – зейнеткер немесе бала болуы мүмкін еді. Қоғамдық көліктің мәселесі бұрыннан шешілмей келе жатыр", – дейді Сергей Корняков атты қолданушы "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" Facebook тобында.

Бұл жағдайға қатысты ҚазАқпарат тілшісіне "Астана LRT" ЖШС Көліктік бақылау департаменті қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

"Қазір жүргізуші және бақылаушы Көліктік бақылау департаментіне шақырылды. Автобустағы бейнежазбалар алынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері болған оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеген соң, белгілі бір шешім қабылданады. Әзірге қызметтік тексеру аяқталған жоқ", – деп хабарлады компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу