Аялдаманы сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды

326

Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болды. 

Аялдаманы сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды Фото: бейнеден скриншот

Иманов көшесінде ер адам автобус аялдамасын қиратқан.

Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу