Автобустың еденін тесіп өткен люк қақпағы жолаушының аяғын сындырды

1135

Алматыда қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Автобустың еденін тесіп өткен люк қақпағы жолаушының аяғын сындырды

Алматыда қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырап, жолаушының аяғы сынды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға Халиулин көшесінің бойында болған. № 65 бағытында жүретін автобус осы көшенің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Шығыс айналма жолын өтіп, жол шетіндегі люкті басып кеткен. Люк ұшып кетіп, автобустың еденін тесіп өткен. Осының салдарынан қоғамдық көлікте отырған жолаушы қыздың аяғы сынды. Ол жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы қызмет өкілдері осы мәселемен айналысып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу