Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды

295

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Автокөлігін заңсыз рәсімдегісі келген ақтөбелік ақшасынан айырылды Фото: gov.kz

Полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз ер адам алаяқтық жолмен одан 300 мың теңге алып, жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде бергені, алайда, уәдесін орындамағаны туралы арызданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Манғыстау облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты, күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған адамның тағы екі эпизодқа қатысы бары анықталды.

Алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейбір азаматтар жағдайды пайдаланып белгілі бір сомаға автокөлікті есепке қоямын деп сан соқтырады. Ақтөбе облысының полиция департаменті осындай қызмет түрлерінен бас тартуды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу