Автокөлік иелері айыппұлды банк карточкасы арқылы төлей алатын болады

913

Автокөлік иелері айыппұлды банк карточкасы арқылы төлей алатын болады

Қазақстанда автокөлік иелері айыппұлын тұрған жерінде банк карточкасы арқылы төлейтіндей жүйе енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Банк карточкасы арқылы электронды форматта тұрған жерінде төлем жүргізу механизмін жасадық. Демек, айыппұл арқалаған азаматта банк карточкасы болса, ол банкке сабылып, айыппұлды төлеп жатпай, тұрған жерінде төлемді жүргізе алады. Яғни, планшетте (жол сақшысының қолындағы) тиісті құрылғы болады. Сонда карточка сұғылғаннан кейін төлем автоматты түрде алынады", - дейді ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин бүгінгі көшпелі отырыста.

Оның айтуынша, бас прокуратура ішкі істер министрлігімен бірлесіп, тиісті ұсыныстарды әзірлеп жатыр.

"Депутаттар ұсынысымызды қолдаса дейміз. Банк картасы арқылы орнында айыппұлын төлейтін азаматта қосымша ынталандырушы мотивация болса дейміз. Демек, естеріңізде болса, айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, азаматқа 50 пайыздық жеңілдік берілуші еді ғой. Осы қадамның жүйеге біршама серпін бергенін байқадық. Демек, ендігі кезекте айыппұлға іліккен азамат тұрған жерінде банк карточкасымен өтейтін болса, онда оған тағы 5 пайыздық жеңілдік бергіміз келеді. Ең бастысы - біз айыппұлды көбірек салуды емес, азаматтардың артық жүріс жасап, банкке сабылуын тоқтатқымыз келеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу