Көлік нөмірлерін қалауыңша таңдауға қашан рұқсат беріледі?

208

Ішкі істер министрлігі өткен жылы Салық кодексіне осы мәселе бойынша тиісті түзетулерді енгізуге өтініш білдірген. 

Көлік нөмірлерін қалауыңша таңдауға қашан рұқсат беріледі? Фото: Колеса

Алайда Салық кодексін қабылдау мерзімі кейінге қалдырылғандықтан, мемлекеттік нөмірді қалауың бойынша сатып алуға тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан рұқсат беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

"Қалаған көлік нөмірін таңдауға келер болсақ, Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа Салық кодексіне 10 АЕК төлем жасап, кез келген мемлекеттік нөмір сатып алу мүмкіндігін көздейтін түзетуді әзірлеп, Экономика министрлігіне жіберді. Алайда Салық кодексін қабылдау мерзімі, оның ішінде аталмыш норманың іске асу мерзімі 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 1 қаңтарына шегерілді", – деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, екі министрлік те түзетуді толыққанды жүзеге асыруға дайын, тек Кодекстің қабылдануын күту ғана қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу