Автокөлік өндірісі артты

1071

Жыл соңына дейін 40 мың көлік шығару жоспарлануда. 

Автокөлік өндірісі артты

Автобизнес қауымдастығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында отандық көлік шығарушылар 28 611 бірлік техника құрастырған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46%-ға жоғары. 
Биыл республика бойынша жалпы құны 197 850 млн теңгеге көлік құрастырылған. Осының өзі өткен жылғы көрсеткіштен 68%-ға жоғары. 

"Көлік құрастыру еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Соған сәйкес бұл сала жылдан жылға кеңейіп, қазірдің өзінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының  26%-ын құрады. Еліміздің көлік құрастыру кешені бір жарым есе өсті. Сондықтан жыл соңына дейін 40 мыңнан аса темір тұлпар шығарылады деп жоспарлануда. Біздің есебіміз бойынша биыл автокөлік нарығы 78 мың бірлік техникамен толығуы тиіс", – деді  Қазақстан көлік құрастырушыларының VII форумында Автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева. 

Нақтылай кетсек, 2019 жылы елімізде 25586 жеңіл көлік құрастырылған. Одан бөлек 1 658 жүк көлігі, 780 автобус, 540 тіркеме және жартылай тіркеме және 47 арнайы техника шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу