“Автокөлік тарихы” сервисі арқылы қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді

546

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. 

“Автокөлік тарихы” сервисі арқылы қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді Фото: polisia.kz

Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан “автокөлік тарихы” қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  •  автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
  •  бұрынғы иелерінің санын;
  •  кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу