"Жыл басынан санағанда автокөлік ұрлығы бұрынғымен салыстырғанда 13,3%-ға төмендеді. Бүгінге дейін автокөлік ұрлаған 749 адам ұсталды", – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Оның айтуынша, автокөліктің ұрлануына жол бермеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
"Автокөлікті от алып тұрған қалпында, есігі ашық күйде қалдырмаңыз. Автокөлікті гаражға немесе күзетілетін автотұраққа қойыңыз. Автокөлікке электронды және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғы орнатыңыз. Автокөліктің ішінде құжат пен құнды зат қалдырмаңыз. Жеке тұлғалардан автокөлік сатып алғанда құқық белгілейтін құжат талап етіңіз", – деді полиция департаменті бастығының орынбасары.
Қанат Махамбет