Автокөлік ұрлығына қатысты 118 қылмыс ашылды

821

Ішкі істер министрлігі 16-22 тамыз аралығында 4 908 полиция қызметкерінің қатысуымен кең ауқымды жедел-алдын алу шарасын өткізді. 

Автокөлік ұрлығына қатысты 118 қылмыс ашылды

"Автомобиль" деген шартты атау берілген шара шеңберінде автокөлік ұрлығына қатысты 118 қылмыс ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтің мәлімдеуінше, көрсетілген уақытта 25 автокөлік ұрланып, 93 автокөлік айдап әкетілген. 

"Жедел-алдын алу шарасын жүзеге асыру барысында 433 бекет құрылды. Оның 62-сі көрші мемлекеттермен шекаралас аудандарға орнатылды. 6 030 техникалық қызмет көрсету орталығы, гараж кооперативтері мен автотұрақ тексерілді. Нәтижесінде ұрланған 61 автокөлік табылды. Автокөлік бөлшектейтін 3 734 пункті мен өткізу орны тексеріліп, бұл жерден ұрланған 38 автокөліктің бөлшегі тәркіленді. Ішкі сауда ережесін  бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 204-1 бабы бойынша 305 әкімшілік хаттама толтырылды", – деді полиция департаменті бастығының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу