Автокөлікке арналға бөлшектерді шығару ұлғайтылмақ

903

Өткен жылы елімізде 50 мыңнан астам көлік жасалды. 

Автокөлікке арналға бөлшектерді шығару ұлғайтылмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамкұлов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде елдегі автокөлік жасау мәселесіне тоқталды.

"Өткен жылы елімізде 50 мыңнан астам автокөлік жасалды. Ал соңғы 4 ай ішінде 24 мың автомобиль шығарылды. Биыл жылына 30 мың жеңіл көлік жасап шығаратын Алматыдағы "Hyundai Trans Kazakhstan" кәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Қостанай қаласында технологиялық орталық ашылып, жиырмашақты компания жұмысын бастайды. Олар негізінен автокөліктерге арналған құрамдас бөлшектер жасайтын болады. Одан басқа бірнеше ірі жобамыз бар. Мысалы, 2023 жылдан бастап Камаз жүк көлігіне арналған бәсеңдеткіштер шығаратын боламыз. Ал осы жылы көліктерге арналған құю ісі қолға алынады. Қазір шанаққа арналған темірлерді шығару технологиялары әзірленуде. Бұл өнімдерге сұраныс өте жоғары. Осының бәрі басқа саланың да дамуына әсер етеді", – деді Бейбіт Атамкұлов.

Сондай-ақ, министр елімізде көлікке арналған резеңке бұйымдар да шығарыла бастайтынын айтып өтті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу