Шектеу уақытша. Бірақ нақты мерзімі әлі белгісіз. Белгілісі қатты отынды шекарадан тек автокөлікпен алып өтуге тыйым салынбақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл энергетикалық қауіпсіздік үшін жасалып отыр. Өйткені былтырғы жылыту маусымында тұрғындар ішкі нарыққа арналған көмір шетелге кетіп жатыр деп дабыл қаққаны есімізде. Салдарынан жер-жерде дүрбелең пайда болып, тапшылықтан баға да шарықтаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу