Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

1796

Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

Бүгінгі таңда еліміздің көлік саласы оң өсім динамикасын көрсетіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 4,8%-ға артты. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, көлік қызметінен түскен табыс 7,7%-ға артып, 2,4 трлн теңге болды. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 5,1%-ға өсіп, 3,9 млрд. тоннаға жетті.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің тиімділігі дәлелденді. Орташа жылдық экономикалық тиімділік 190 миллиард теңгеден асады. Жүк тасымалдау (33 млн тонна) мен транзит (900 мың тонна) көлемі 2,5 есеге өсті.  Жол жүру уақыты екі есе азайды, жазатайым оқиғалардың саны 27%-ға, өлім-жітім 35%-ға төмендеді", - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, көлік дәлізі бойында 277 автожол қызметі бар. Оның 55-і соңғы жылдары құрылды (Жамбыл облысы - 23 бірлік, Оңтүстік Қазақстан облысы - 19 бірлік, Қызылорда облысы - 16 бірлік, Ақтөбе облысы - 15 бірлік). Олар жол пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсететін және шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретін жобаларға айналды.

Жалпы, 2017 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2,1 млн тонна болып, соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу