Автокөліктер сыртқы қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталмақ

694

Автокөліктер сыртқы қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталмақ

Ал жапониялық субару автоконцерні өз автокөліктеріне сыртқы қауіпсіздік жастығын орналастыруды сынақтан өткізуде. Осы арқылы компания басшылары жаяу жүргіншілерді ауыр жарақаттан сақтап, көлік апатынан болатын қайғылы жағдайларды мейілінше азайтуды көздеп отыр. Әзірге жасалған алғашқы сынақ сәтсіз аяқталды. Компанияның Ғылыми- зерттеу және дамыту жөніндегі менеджері Тошио Фурукаваның айтуынша елдегі болатын көлік апаттары негізінен қарттар санының көбеюімен байланысты. Сондықтан да ел тұрғындары үшін жолдарды барынша қауіпсіз ету басты мақсат. Соңғы 10 жылдағы зерттеулері нәтиіжесі елде көлік апаты екі есеге айзайғанымен, қаза тапқандар саны азаймай отырған көрінеді.

Тошио Фурукава, Субару компаниясының ғылыми- зерттеу және дамыту жөніндегі менеджері

Біз барынша көп автомобильдерге осындай қауіпсіздік жастығын орнатып, көп адамдардың өмірін сақтап қалғымыз келеді. Бірақ, ол оңай шаруа емес, себебі көлікке жаңа платформа ойлап тауып оны орналастыру керек. Осы мәселені алдағы уақытта біртіндеп шешеміз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу