Автокөліктерді заңдастыру аясында 2 мыңнан астам өтінім мақұлданды

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сағат 18:00-ге дейін 100 қазақстандық жаңа құжаттар мен көлік нөмірлерін алған.

Автокөліктерді заңдастыру аясында 2 мыңнан астам өтінім мақұлданды Фото: kolesa.kz

Елімізде 23 қаңтар автокөліктерді заңдастыру басталды. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы күні 2 мыңнан астам өтінім мақұлданса, сағат 18:00-ге дейін 100 қазақстандық жаңа құжат алып үлгерген, деп жазады inbusiness.kz

Қазақстандықтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар көмектесуде. Олар келушілерге кеңес береді, құжаттарды мәліметтер базасымен салыстырады. Әрбір өтініш жеке қарастырылады. ХҚКО сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, заңдастыру 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталып, 1 шілдесіне дейін жалғасады. Алғашқы көлік Алматыда рәсімделді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу