Бұдан былай автокөлік жүргізушілері жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты өзімен бірге алып жүруге тиісті емес. Полиция қызметкерлері автожүргізушілердің құжаттарын деректер базасы арқылы тексереді. Бұл үшін автокөлік иесінде жеке басын куәландыратын құжат болса жеткілікті.
Заңға сәйкес, жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортын өзімен бірге алып жүрмеген автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынбайды.
Атап көрсетерлігі, автожүргізуші шетелдік номері бар көлікпен жүрсе немесе жүргізуші куәлігін шетелден алса, жоғарыда аталған құжаттарды өзімен бірге алып жүруге міндетті. Себебі қазақстандық полицейлер үшін шетелдік деректер базасы қолжетімсіз.
Қанат Махамбет