Автокөлікті техбайқаудан өткізу бекеттеріне талап күшейеді

749

Бұл өзгерістің көлік жүргізушілеріне қатысы жоқ, яғни техникалық байқаудан өту үдерісі бұрынғыдай қалады.  

Автокөлікті техбайқаудан өткізу бекеттеріне талап күшейеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  көлікті техникалық байқаудан өткізу нарығында тәртіп орнатуға кірісті. "Жол қозғалысы туралы" заңға техникалық байқау бекеттерінде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға қатысты толықтырулар енгізді. Бұл жөнінде аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді алдағы уақытта бекет иелеріне бірыңғай оператор – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет. Оларға қойылатын талаптар 2019 жылғы шілдеге дейін бекітілуге тиіс.

Бұл өзгерістің көлік жүргізушілеріне қатысы жоқ, яғни техникалық байқаудан өту үдерісі бұрынғыдай қалады.  

Айта кетсек, былтыр қазақстандық "Техосмотр" деп аталатын ІТ жоба Швейцарияда өткен ақпараттық қоғам мәселелеріне арналған дүниежүзілік жиын конкурсында (WSIS-2018) үздік деп танылған-ды. Бұл жоба автокөліктің техникалық байқаудан өткені туралы барлық ақпаратты орталықтандыру, еліміздегі  техникалық қарау орталықтарын біріктіру, сондай-ақ жол-көлік оқиғасына соқтыратын себептерді азайту үшін құрылған. 

Меңтай Шыңғысқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу