"Kaspi.kz, Homebank қосымшасы арқылы автокөлікті тіркеу процесті оңтайландыруға әрі автоматтандыруға серпін берді және азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеуге жол ашты. Іс барысында автокөлікті сатып алушыға да, сатушыға да өтінім беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалды", – деді министр.
Бағдат Мусиннің мәлімдеуінше, танымал платформалар жоғары сұранысқа ие қызметтерді қамтып жатыр.
"Бұрын автокөлікті қайта тіркеу кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында іркіліс болатын. Біз осы бағытты оңтайландыруға мән бердік", – деді министр.
Қанат Махамбет