22 мамырдан бастап елімізге қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген автокөліктерді тіркеу басталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тіркелу үшін көлік иелері өтінішті, ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісін, техникалық байқаудың диагностикалық картасын ұсыну қажет.
"Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Аталған көліктер тек Қазақстан аумағында қолданылуы қажет және оны өзге тұлғаға тіркеуге рұқсат берілмейді. Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады", - делінген ақпаратта.
Заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты көрсетілген call-орталықтардың нөмірлері арқылы алуға болады:
- Астана: 8-7172-53-22-30, 8-775-906-53-16
- Алматы: 8-747-733-10-20, 8-7272-76-27-57
- Шымкент: 8-700-658-03-87, 8-7252-53-71-06
- Ақмола облысы: 8-7162-29-98-48, 8-7162-29-98-13
- Ақтөбе облысы: 8-7132-46-24-40, 8-7132-46-24-41
- Алматы облысы: 8-702-149-57-20
- Атырау облысы: 8-7122-98-23-15
- Абай облысы: 8-702-761-48-66
- Батыс Қазақстан облысы: 8-705-124-65-47, 8-7112-92-17-17
- Жамбыл облысы: 8-7262-99-76-46
- Жетісу облысы: 8-7282-60-75-13, 8-705-733-76-16
- Қарағанды облысы: 8-702-236-84-10
- Қостанай облысы: 8-747-847-38-42, 8-7142-52-69-63
- Қызылорда облысы: 8-705-102-68-41, 8-7242-21-20-93
- Маңғыстау облысы: 8-7292-47-45-69, 8-701-777-43-62, 8-701-555-83-80
- Ұлытау облысы: 8-705-303-51-27
- Павлодар облысы: 8-7182-37-77-35
- Шығыс Қазақстан облысы: 8-707-914-14-38, 8-7232-23-41-59
- Солтүстік Қазақтан облысы: 8-7152-32-00-19, 8-7152-32-00-22
- Түркістан облысы: 8-708-157-42-01, 8-7253-35-86-37