Автоматтар арқылы теміржол билеттері комиссиясыз рәсімделеді

497

2020 жылдың 9 қарашасы мен 31 желтоқсанына дейін акция.

Автоматтар арқылы теміржол билеттері комиссиясыз рәсімделеді

2020 жылдың 9 қарашасы мен 31 желтоқсанында "Жолаушылар тасымалы" АҚ және "Касса-24" мен "QIWI" сауда маркаларымен бірге өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы теміржол билеттерін комиссиясыз рәсімдеу акциясын іске қосады, деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Бүгінде теміржол билеттерін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 165 билет кассасынан, шамамен 3 мыңдай агенттік кассаларынан, соның ішінде Амадеус сауда орындары мен пошта бөлімшелерінен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ bilet.railways.kz сайтын, сондай-ақ "ҚТЖ билеті" мобильдік қосымшасын қосқанда 15 интернет сайттан сатып алуға болады.

Бұдан басқа теміржол билеттерін вокзал аумағында және одан тыс орнатылған шамамен 30 мыңдай өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарынан ("Касса-24" и "QIWI") сатып алуға мүмкіндік бар. Интернет және өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы теміржол билеттерін онлайн сату үлесі тұрақты өсім тенденциясымен 47% құрайды.

Биылғы жылы теміржол билеттерін сату жүйесін жетілдіру шеңберінде бірнеше жаңашылдықтар жүзеге асырылған. Мысалы, мүгедектігі бар тұлғалар bilet.railways.kz сайты арқылы теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуы мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар bilet.railways.kz сайты "Каспий Банк" АҚ процессингімен толықтырылды және де бұрындары билет кассаларынан POS-терминал арқылы төленіп қойылған теміржол билеттерін қайтару
кезінде жолаушы картасына ақшаны автоматты түрде қайтару функциясы жүзеге асырылды.
Сондай-ақ Touch ID и Pin-код – саусақ ізі көмегімен "ҚТЖ билеті" мобильдік қосымшасы қолданушыларын аутентификациялау функциясы іске қосылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу