Автомектептерге қойылатын талаптар қайта күшейтілуі мүмкін

192

Көптеген мектептерде қажетті материалдық база жоқ.

Автомектептерге қойылатын талаптар қайта күшейтілуі мүмкін Фото: www.autonews.ru

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында автомектептерге қойылатын талаптардың әлсіреу көлік тізгіндеушілердің сапасына кері әсер еткенін мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Автомектептерді өзін-өзі реттеуге көшіру үшін заңнаманы кезең-кезеңімен әлсірету осы салада бақылауды жоғалтқанын мойындаймыз. Бүгінде 747 оқу орталығы жұмыс істеп тұр. 2018 жылдан бастап, автомектеп ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар қажет емес. 2020 жылы олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тоқтатылды. Сапасыз дайындық үшін қолданылып келген әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды", – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Айтуынша, осының салдарынан оқу процесін қағаз жүзінде жүргізу белең алған.

"Көптеген мектептерде қажетті материалдық база жоқ. Автомектептер қызметі біз күткендей өзін-өзі реттей алған жоқ. Осы қызметтің барлық бағыттарында дайындық пен жарақтандыру сапасының төмендегенін байқап отырмыз. Сондықтан, қазір салаға тәртіп орнату шараларын қабылдап жатырмыз", – деді комитет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу