Автомобиль көпірі өзенге құлады

221

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, бұған дейін көпірге жүк кемесі соқтығысқан. 

Автомобиль көпірі өзенге құлады Фото: NBC News

Американың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі өзенге құлады.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше көлік көпірден құлап, жеті адам суға батқан.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаларға қарағанда, үлкен кеме жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында көпірге соғылып, өртеніп, кейін суға батып кеткен.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу