Автомобиль өндірісі қарқынды дамуын жалғастырып келеді – Скляр

159

2025 жылдың соңына дейін автокөлік компоненттерін өндіру бойынша 10 жобаны іске асыру жоспарда бар.

Автомобиль өндірісі қарқынды дамуын жалғастырып келеді – Скляр Фото: Максим Стулов / Ведомости

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың нақты секторын дамыту бойынша өзекті мәселелердің аясын айқындап берді. 

Роман Скляр Президенттің берілген тапсырмалары бойынша тоқталып өтті.

"Өңдеу өнеркәсібі. Өнеркәсіптік қаңқаны одан әрі қалыптастыру үшін металлургия, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы, машина жасау, химия салаларындағы 17 серпінді жобаның тізбесі бекітілді. Инвестициялық штаб шеңберінде мониторингі жүзеге асырылатын әрбір жобаны іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар бекітілді. Автомобиль жасау қарқынды дамуын жалғастыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 30 пайызға өсті", - деді ол.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары алдағы жылда жалпы өндіріс көлемі 160 мың бірлікті құрайтын екі ірі жобаны пайдалануға беру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу