Автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірістері кеміп келеді

891

Наурыздағы көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,7 есе аз. 

Автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірістері кеміп келеді

Биылғы жылдың қаңтар–наурыз айларында автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірістері 60,4 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,3% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz  ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 40,5 млрд теңге жүк пен багажды тасымалдаудан, 20 млрд теңге жолаушы тасымалдаудан түскен.

Тасымалдаудан түскен табыстың басым бөлігі жүк көлігіне (40,5 млрд тг), автобустармен тасымалдауға (17,5 млрд тг) және такси қызметіне (796,3 млн тг) тиесілі.

2021жылдың қаңтар-наурыз айларында жолаушылар тасымалының көлемі небәрі 1,3 млрд адамды құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе аз. Жолаушылардың басым бөлігі автобустармен (ҚР-дан 63,9%) және таксимен (ҚР-дан 35%) тасымалданды.

Наурызда тікелей автомобиль және қалалық электр көлігімен 461,5 млн жолаушы тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,7 есе аз.

Биылғы жылдың үш айында жолаушылар айналымы 14 млрд жкм құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 76,1% аз.

Жүк тасымалдау саласында жыл басынан бері 652,6 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,4% аз. Наурыз айында жүк тасымалы 212,1 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,1% төмен нәтиже көрсеткен.

Жыл басынан бері жүк айналымы 32,1 млрд ткм құрап, бір жыл ішінде 3,8% қысқарды. Наурызда жүк айналымы 10,4 млрд ткм құрады. Бір жылда бұл көрсеткіш 0,2% азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу