Автомобиль жолдарын қайта құрылымдау үшін 332 млрд теңге бөлінді

746

Аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланған 4 мың шақырым жолдың 2,6 мың шақырымы қолданысқа биыл берілмек.  

 Автомобиль жолдарын қайта құрылымдау үшін 332 млрд теңге бөлінді

Аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланған 4 мың шақырым жолдың 2,6 мың шақырымы қолданысқа биыл берілмек.

"QazAvtoJol" ұлттық компаниясының Торапты даму департаментінің директоры Жамбыл Бақтияр еліміздегі жолдардың құрылысы мен қайта құрылымын жаңарту қалай жүзеге асып жатқаны жайлы айтты.

"2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Нұр-Сұлтан – Арқалық, Шалқар – Қандыағаш, Қызылорда – Павлодар – Жезқазған, Жезқазған – Петропавл, Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы, Бейнеу – Шалқар, Қарағанды – Аягөз, Семей – Ресей шекарасы, Орал – Атырау, Ақтөбе – Қарабұтақ, Атбасар – Қостанай – Ресей шекарасы және басқа да жобалар қарастырылып отыр. Биылғы жылы автомобиль жолдарын қайта құрылымдау үшін бюджеттен 332 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіліп жатыр. Аяқталу мерзімі 2023 жылға есептелеген жолдардың 2,6 мың шақырымын қолданысқа биыл беруді жоспарлап отырмыз. Қазір 2 мың шақырым жол ашылуға толық дайын", – деді департамент директоры.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу