Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен "Көрме" орталығында 28-29 қараша күндері "Қазавтожол-Kaztraffic-2019" атты халықаралық көрме өтеді.
Осымен 16- рет ұйымдастырылайын деп отырған көрмеде автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстау салаларындағы соңғы жетістіктер таныстырылады.
Экспозицияға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компанияларының ғылыми, техникалық зерттемелері мен өнімдері қойылады.
Көрме аясында ұйымдастырылатын конференцияда жол саласының мамандары күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылайды. Оның ішінде жол салу кезінде қолданылатын заманау технологиялар және жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселесі қаралады.
Қанат Махамбет