Автомобиль жолдарының жағдайын бақылауға арналған қосымша іске қосылады

816

"Жол активтерін басқару жүйесі" қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады.  

Автомобиль жолдарының жағдайын бақылауға арналған қосымша  іске қосылады

Арнайы әзірленген "Жол активтерін басқару жүйесі" қосымшасы қатысушылары республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын бақылап, жол бойында қызмет көрсететін нысандар, аялдамалар, елдімекендер мен мердігер ұйымдар туралы толық ақпаратты көре алады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған мәліметтердің барлығын ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасының орталығы жинайтын болады. Бірінші кезекте, жүйеде ұзындығы 24 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөніндегі ақпарат қолжетімді болмақ. Бұдан кейін жергілікті жолдардың жағдайына қатысты мәліметтер енгізіледі.

Жүйе техникалық тұрғыда келесі жылдың мамырында іске қосылады деп күтілуде. Ал пайдаланушылар оны 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолдана алады. "Жол активтерін басқару жүйесі" қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу