Автонарық өкілдері несиелендіруге бөлінетін қаржыны ұлғайтуды ұсынды

696

Жеңілдігі бар автонесиелендіру бағдарламасына бөлінетін қаржыны көбейту керек. Қазақстан автобизнес қауымдастығы осындай бастама көтеріп отыр.

Автонарық өкілдері несиелендіруге бөлінетін қаржыны ұлғайтуды ұсынды

Ұйымның дерегіне сенсек, 2019 жылдың 5 айында Қазақстан даму банкіне  көлікті несиеге алуға 15 мың өтініш түскен. Оның 13700-і рәсімдеп үлгерсе, 1200-і кезек күтуде. Бұл  автонесиеге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Оның үстіне, Ұлттық банктің автонесие бағдарламасы да оң әсер етуде. Осылайша, биыл автоөндірістің табысы 20 пайызға өскен. Сондықтан, нарық өкілдері несиелендіру көлемін тағы да арттыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

"Өндіріс дамып жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Еліміздің автопаркі жаңаруда. Ал халықтың  тиімді бағамен көлік алуға  мүмкіндігі бар. 2019 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, автоөндірістің машина жасаудағы үлесі 23 пайызға жеткен, яғни 84 млд теңгені құрады. Егер екінші деңгейлі банктерге автонесие үшін ақша бөлінетін болса, онда қосымша диллерлік желілер, сату нүктелері ашылады. Біздіңше, автонесиелендіруді көбейтудің мультипликативті әсері болады",– дейді Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу