Үкіметтің бүгінгі отырысында министрлер кабинеті 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл бағдарлама аясында қосымша 10 млрд теңге бөлінеді. Оның 8 млрд теңгесі жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 млрд теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады деген жоспар бар. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады", – деді Жеңіс Қасымбек.
Белгілі болғандай, жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінген қаржы 4 пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға беріледі. Бұл ретте, көліктің бағасы 15 млн теңгеден аспауы керек.