ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан жанданатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның сөзінше, бағдарламаның алдағы қарқыны осыған дейін несие алғандардың қарызын уақтылы төлеуіне байланысты.
"Бәйтерек" холдингінің маған баяндаған мәліметі бойынша, револьверлік негізде белгілі бір мөлшерде қаржы жинақталу керек. Ол ақша келесі траншпен жеңілдетілген автонесие ретінде басқа азаматтарға берілуге тиіс. Қазір 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игерілуде. Бұл жұмыс жалғасады", – деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу