Автонесие беруге 100 млрд теңге бөлінеді

970

Бұл қаражат отандық автокөліктерді алуға ғана жұмсалады. 

Автонесие беруге 100 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "ӨКМ Операторында" жиналған қаражатқа қатысты ақпарат берді, деп жазды inbusiness.kz.

"220 млрд теңге біздің азаматтарымыздың игілігіне жұмсалуы керек. Жиналған соманың 100 млрд теңгесі автонесиелеуге бағытталады. Несие мерзімі – 7 жыл. Алғашқы төлем – 0%. Жылдық мөлшерлемесі – 4%. Бұл бағдарламаны 70 мыңға жуық қазақстандық пайдалана алады", – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығының себебін түсіндірді. 

"Көлік тапшылығы әлемде чиптердің тапшылығымен байланысты", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, 23 ақпан Роман Скляр соңғы бір айдан аса уақыттан бері талқыланып келе жатқан утильалымы тақырыбына нүкте қойды. Ол енді оның мөлшерлемесі 50%-ға төмендейтінін хабарлады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу