Автонесиелеу бойынша бәріне ақша бөле алмайтынымыз айтылды - Ринат Ғаппаров

406

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.  

Автонесиелеу бойынша бәріне ақша бөле алмайтынымыз айтылды - Ринат Ғаппаров Фото: liter.kz

Оның сөзінше, пилоттық платформа басталғанға дейін 5 күн бұрын қазақстандықтарға 7,6 млрд теңге жинақталғанын, несиенің ең жоғары сомасы 10 млн теңге болғанда, небәрі 761 орын болатыны жөнінде алдын ала ескертілген.

"Ел азаматтарына автонесиелеу бойынша бәріне ақша бөле алмайтынымыз айтылды. Себебі бұл мүмкін емес. 761 адам тіркелді, одан кейін түймешік белсенді емес болып, қате деп шығара бастады. Бағдарламада бірқатар нақтылық болмады, онымен жұмыс істейтін боламыз. Келесі іске қосу кезінде олардың көп бөлігін түзетеміз деп үміттенеміз", - деді ол Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 761 өтінім 18 секунд ішінде тіркелген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу