Автопарк отқа оранды: Шахтинскіде өрт сөндірушілер 12 автобусты жанудан аман алып қалды

146

ТЖМ қызметкерлері қызыл жалынды 16 минутта ауыздықтады.  

Автопарк отқа оранды: Шахтинскіде өрт сөндірушілер 12 автобусты жанудан аман алып қалды Фото: Видеодан скриншот

Бүгін түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жеке серіктестік аумағында автобуста өрт шығып, кейін жалын жақын жерде тұрған 2 көлікке тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, ауа-механикалық көбік қолдану арқылы өртті сөндірді.

Үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде жақын маңда тұрған 12-ден астам автобус пен ғимарат сақталып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу