Автосақтандыру бойынша төлемдерді алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу ұсынылды

895

Қазақстанда жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемдерін полицияның қатысуынсыз және сотқа жүгінбей тезірек алудың жолы енгізілмек.  

Автосақтандыру бойынша төлемдерді алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу ұсынылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, автокөлікті сақтандырудың мобильді қосымша арқылы реттеудің оңайлатылған тәртібін енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл тәртіп полицияның қатысуынсыз және сотқа жүгінбей-ақ жол-көлік оқиғалары бойынша сақтандыру төлемдерін жедел алуды қамтамасыз етеді. Сақтандыру нарығын реттеу туралы заң жобасының маңызды жаңалығы көлік құралдарын міндетті сақтандыру бойынша икемді баға механизмін енгізу болып табылады. Икемді жүйеге көшу Қазақстан аймақтарындағы нақты жазатайым оқиғаларды ескере отырып, сақтандыру тарифтерін автоматты түрде жаңартады", – деді спикер.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, заң жобасында секторға деген сенімді арттыру мақсатында сақтандырудың кепілдік берілген санаттарының тізбесі кеңейтіледі.

Қазір Қордың кепілдігі сақтандырудың 5 түрін ғана қамтиды.

"Келесі бағыт – сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру. Осы мақсатта заң жобасында сақтандыру омбудсманының клиенттік дауларды сотқа жүгінгенге дейін шешу қарастырылған. Сақтандыру омбудсманының біліктілігіне қойылатын талаптар күшейтіліп, оның қызметкерлеріне қойылатын талаптар белгіленеді", – деп түйіндеді сөзін Әбілқасымова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу