Автосақтандыру қымбаттайды

99

Автокөлік сақтандыруының бағасын есептеуде қолданылатын аймақтық коэффициенттер қайта қаралды.  

Автосақтандыру қымбаттайды Фото: gov.kz

Агенттік бекіткен жаңа көрсеткіштер көліктің қай өңірде тіркелгеніне қарай белгіленеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Коэффициент жоғарылаған сайын сақтандыру құны да қымбаттайды деген сөз.

Ең қымбат өңірлер қатарында Қызылорда облысы тұр. Мұнда көрсеткіш 1,66-дан 1,85-ке дейін өскен. Жамбыл облысында коэффициент 1,74 болды (бұрын 1,62), Түркістан облысында 1,69-ға көтерілді (1,57), ал Шымкентте көрсеткіш 1,49-дан 1,61-ге өсті.

Ең арзан өңірлер өзгерген жоқ: Солтүстік Қазақстан облысында коэффициент 0,67, Алматы қаласында 0,71, Шығыс Қазақстан облысында 0,72 деңгейінде қалды.

Ең төменгі коэффициент Атырау облысында – 0,48 (бұрын 0,49). Астанада автосақтандыру құны да өседі: коэффициент 1,36-дан 1,44-ке көтерілді.

Жаңартылған коэффициенттер автосақтандыру бағасына тікелей әсер етеді: көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, сақтандыру бағасы соғұрлым қымбатқа түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу