Автосақтандыру тарифтерін жаңаша есептеу ұсынылды

700

Қазақстанда автосақтандыру тарифтерін жаңаша есептеу ұсынылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Автосақтандыру тарифтерін жаңаша есептеу ұсынылды

Жаңа заң жобасы бүгін алғаш рет Мәжілісте талқыланды. Құжатты арқалап келген Мадина Әбілқасымова икемді тариф енгізудің тиімді тұстарымен бөлісті.

Оның айтуынша, сақтандырудың бұл түрі 2007 жылдан бері өзгермеген. Енді заман талабына сай барлығын цифрландыру жоспарланған. Бұл жүргізушілерге жауапты мекеме есігін тоздырмай, уақыт үнемдеуге жол ашады.

Сондай-ақ жол апатына қатысты тарифті әр өңірге жекелей есептеу ұсынылды.

Мамандардың айтуынша, бұл міндетті сақтандыру құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу