Автошабандоз Артур Ардавичус 800 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

904

"Astana Motorsports" командасы жемқорлардың жемсауы болып келген.

Автошабандоз Артур Ардавичус 800 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото: zakon.kz

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2016-2017 жылдары елдегі автоспортты дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік өкілдері БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

"Astana Motorsports" командасының директоры әрі капитаны Артур Ардавичус оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізу шығынын қолдан жоғарылату арқылы 800 млн теңгеден астам қаржыны ұрлағаны анықталды. Команда 100% мемлекет қаржысына жұыс істеген. Бұл қаржыны ол қазақстандық және шетелдік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзіне алып отырған. Ардавичус тергеу органдарына бірнеше рет шақырылды. Алайда шетелде жүргенін пайдаланып, келуден бас тартты. Осы жайттарды және өзге де дәлелдерді ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Сотқа күдіктінің сыртынан халықаралық іздеу жариялау туралы материал жіберілді. Ұрланған ақшаның мөлшері нақтыланып жатыр. Тергеу жалғасуда", – делінген агенттіктің ресми мәліметінде.

Есімжан Нақтыбайұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу