Автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

1367

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті Фото: inbusiness.kz

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтемемен.

Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болды.

"Бүгін "ССЕР" компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды", - деп хабарлады "ССЕР" компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.

Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу