АвтоВАЗ Lada-ның барлық моделінің бағасын көтерді

1492

АвтоВАЗ Lada-ның барлық моделінің бағасын көтерді

"АвтоВАЗ" көлік жасаушы кәсіпорны қаңтарда Lada-ның барлық моделінің бағасын көтерді.  Жаңа баға туралы мәлімет компанияның сайтында жарияланып отыр, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

Атап айтқанда, базалық жиынтықтағы Lada Granta 1,6%-ға (389,9 мың рубльге дейін), Lada Kalina - 1%-ға (439,9 мың рубльге дейін), Lada Priora - 2,8%-ға (399,99 мың рубльге дейін), Lada 4X4 - 2,2%-ға (475,9 мың рубльге дейін), Lada Vesta - 3,2%-ға (545,9 мың рубльге дейін), Lada Xray - 1,9%-ға (599,9 мың рубльге дейін) қымбаттады.

"АвтоВАЗ" баспасөз орталығы  қаңтарда бағаның көтерілуіне қатысты түсінік беруден бас тартты.  Еуропа бизнес қауымдастығының мәліметі бойынша,  2016 жылдың қаңтар-қарашасында "АвтоВАЗ" 238,666 мың Lada көлігін сатқан, бұл  2015 жылғы  дәл осындай кезеңдегі көрсеткіштен 2,8%-ға төмен.  Дегенмен  Ресейдегі  көлік өндірушінің саудасы қарашада 18%-ға, 25,5 мың көлікке артқан.

Желтоқсанның соңында Самара облысының губернаторы Николай Меркушкин "АвтоВАЗ" саудасы желтоқсанда 18% шамасында болады деп айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу