Автожол құрылысы кезінде адам сүйектері табылды

1200

"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автожолын қайта жаңарту жұмыстарының бас мердігері "СинеМидасСтрой" компаниясы өкілдері аталмыш оқиға тіркелген сәттен бастап, карьердегі барлық жұмыстарды тоқтатты.

Автожол құрылысы кезінде адам сүйектері табылды

"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автожолының құрылысы кезінде адам сүйектері табылған.

Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің Күйген елдімекені жанынан жол салуға қажетті топырақ алынып жатқан карьерден адам сүйектері табылған. Оқиға орнына аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы, құқық қорғау мекемесі, прокуратура, қоғамдық ұйымдар, ҰҚК және БАҚ өкілдері арнайы барып бақылап қайтты.

Белгілі болғандай үш адамның сүйегі 10 метр тереңдікте топырақ астынан шыққан. Айта кетсек, бұл жер қорымнан біраз қашықтықта орналасқан. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автожолын қайта жаңарту жұмыстарының бас мердігері "СинеМидасСтрой" компаниясы өкілдері аталмыш оқиға тіркелген сәттен бастап, карьердегі барлық жұмыстарды тоқтатты. Сондай-ақ, мердігер компанияның басшысы карьер жұмысын басқа жерге ауыстыруды тапсырды.

Жергілікті тұрғындардың және ақсақалдардың айтуынша, аталмыш жерде қорым болғанын ешкім білмеген. Табылған адам сүйектері қай ғасырға жататыны әзірге белгісіз. Құқық қорғау орындары тиісті экспертиза жүргізгеннен кейін адам сүйектері ауыл іргесіндегі қорымға арулап жерленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу