"АвтоЖол+" несиесі: министрлік жеңілдетілген автонесиеге қатысты ескерту жасады

110

Әлеуметтік желіде жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты жалған ақпарат тарап жатыр.  

"АвтоЖол+" несиесі: министрлік жеңілдетілген автонесиеге қатысты ескерту жасады Фото: Depositphotos.com

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ведомство атынан таратылып жатқан "АвтоЖол+" атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарлама іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдемеген.

"Аталған ақпараттық материал жалған және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу