Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 750 млрд теңгені құрайды

993

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол саласын дамыту жөнінде кеңес өтті. 

Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 750 млрд теңгені құрайды

Автожол саласының 2020 жылға арналған бюджеті 750 млрд теңгені құрайды. Республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым автожолды жөндеу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарымен 4 мың шақырым автожол қамтылады. Бұл туралы 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол саласын дамыту жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңесте жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автожол учаскелерінде қозғалыс ашылатыны сөз болды. Талдықорған – Өскемен (763 км), Қарағанды – Балқаш – Қапшағай (645 км), Қалбатау – Майқапшағай (415 км), Меркі – Бурылбайтал (266 км), Ақтөбе – Атырау – Астрахань (279 км) және т. б. жолы ашылады.  

Көзделіп отырғандай, аталған жоспарларды жүзеге асыруда барлығы 100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. "А" санатындағы жол бойындағы сервистің 18 көпфункционалды кешенін салу үшін инвестициялар тарту, 304 санитарлық-гигиеналық торапты салу және қызмет көрсету жоспарланған.

"Биыл автомобиль жолдарын салу бойынша ауқымды жұмыс көлемін атқару қажет. Алға қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындау және жыл соңына дейін автомобиль жолдарын жаңғыртудың негізгі жобалары бойынша қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында құрылыс маусымына алдын-ала дайындалу керек", — деді Үкімет басшысы кеңес барысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу