Министр жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға құлақ асу қажет екенін ескертті деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
Юрий Ильиннің айтуынша, ауа райының нашарлауына байланысты Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жол учаскелері жабылды. Бүгінгі жағдай бойынша 9 аймақта дауылды ескерту жарияланды.
"Азаматтардың жолдың жабылғаны туралы алдын ала жіберілген ескертуді елемей, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға орнатылған блокпосттарды айналып өтуге тырыспауын сұраймын", – деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Министрдің мәлімдеуінше, ел аумағында қыста 1 мыңнан астам дауылды ескерту жарияланып, республикалық, облыстық автожол учаскелері 680 рет жабылды. Жүк және жолаушылар автокөліктерінің қозғалысы 230 рет шектелді.
"12 42 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Бұл үшін 90-нан астам жылыту пункті іске қосылып, 400-ден астам техника қар құрсауынан шығарылды, авариялық-құтқару жұмысына 5 мыңнан астам адам мен мың техника тартылды", – деді Юрий Ильин.
Қанат Махамбет