Автожолдар бойында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнатылады

1163

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ ҚР ИИДМ автожолдар комитетімен бірлесе отырып СГТ орнату бойынша бағдарлама жасады. 

Автожолдар бойында 304 санитарлық-гигиеналық торап орнатылады

Автожолдарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарымен қатар қосалқы инфрақұрылымдарға да ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы "QazAvtoJol-дың 2019 жылдың Іжартысында атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы" баспасөз конференциясында айтылды.

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ ҚР ИИДМ автожолдар комитетімен бірлесе отырып 2019-2022 жж 304 санитарлық-гигиеналық торапты (СГТ) орнату бойынша бағдарлама жасады. Жоба бойынша қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған республикалық автожолдарда 109 бірлік СГТ орнату жоспарланған. Алдағы 3 жылдың жоспары бойынша Қазақстанның барлық жолдарында 116 бірлік СГТ, пайдалануға беріліп, жоспарланған ақылы жолдарды 79 бірлік СГТ орнату көзделген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу